2021 жылдың қыркүйек айында республика бойынша кино билеттері орташа есеппен өткен жылғы қыркүйекткен 13% қымбаттап 1,6 мың теңге болды.Өңірлер бойынша ең қымбат қалалар Шымкент (2586 теңге), Атырау (2468 теңге) қалалары болса, ең арзан Семей (1129 теңге), Көкшетау мен Орал (1200 теңге) және Тараз (1216 теңге).Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда ең көп қымбаттаған өңірлер Ақтөбе (30,6%), Кызылорда (28,2%) және Атырау (20,4%) облыстары.Ал Ақмола, Алматы, Маңғыстау мен Түркістан облыстарында бағалар былтырғыдан өзгерген жоқ.2021 жылдың бірінші жартыжылдығында кино, бейнефильмдер мен телебағдарламалар өндірісі былтырғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда 19,6% өсіп 21,2 млрд теңгені құрады.Соның ішінде үштен екісі Алматы қаласына тиесілі. Оңтүстік астанадағы өндіріс былтырғыдан 17,6% көбейіп 14,5 млрд теңгеге жетті. Одан кейін Нұр-Сұлтан (4,8 млрд теңге) мен Шымкент (635,9 млн теңге) қалалары.