2021 жылдың алғашқы үш тоқсанында кино, бейнефильмдер мен телабағдарламалар өндірісі қызметі былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 19,3% көбейіп 31,7 млрд теңгеге жетті.
Өңірлер бойынша ең алда Алматы қаласы. Мұнда жалпы республика өндірісінің 70,8%-ы орналасқан. Былтырғыдан 23% көбейіп 21,9 млрд теңгеге жетті.
Одан кейінгі астана мен Шымкентте тиісінше 6,2 млрд және 952,9 млн теңге.
Ең аз өнім берген өңір Ақтөбе облысы, 6,4 млн теңге. Былтырғыдан 39,5% азайған.
Ең қарқынды өсім Ақмола облысында. Былтырғыдан 3,2 есе өсіп 57,2 млн теңгеге жетті. Ең көп қысқарған өңір Қызылорда облысы. 56,5% төмендеп, 57,9 млн теңге болды.