Ертең Астанада CONNECTED-2024 халықаралық конференциясы жұмысын бастайды. Онда сарапшылар жаһандық нарративтер мен болашақтың бейнесін пайымдау тақырыптарын талқыға салады. Екі күн бойы 20 елден келген 1,5 мыңнан астам қатысушы әлемнің болашағы туралы пікір алмасады.  

Конференцияның хэдлайнері – тарихшы, футуролог Юваль Ной Харари. Оның  адамзаттың болашағы жайында жазған «Sapiens: A Brief History of Humankind, Homo Deus:  ертеңгі күннің қысқаша тарихы», «21 ғасырға арналған 21 сабақ», «Сапиенс: графикамен жазылған  тарих» кітаптары бестселлерге айналған. Харари конференцияға тікелей эфир арқылы қосылып, сұрақтарға жауап береді деп жоспарланған.

Сондай-ақ конференция қатысушылары белгілі тарихшы, жазушы Питер Франкопанды көре алады. Еске салсақ, оның «Жібек жолы: Әлемнің жаңа тарихы» кітабында бестселлер болды.

Бұған қоса, спикерлер қатарында жасыл энергетика, баламалы энергия және климат мәселелері бойынша әлемдік сарапшы, бейбітшілік саласында Нобель сыйлығы иегері Рае Квон Чунг, инновациядағы ТОП 3 ықпалды ғалымдардың бірі (Wired), «Технология адамдарға қарсы» бестселлерінің авторы Герд Леонгард, Stanford University профессоры, жасанды зият бойынша курстардың авторы Юнес Бенсуда, танымал медиатор және рухани көшбасшы Шялпа Тензин Ринбоче, климаттың өзгеруіне қарсы күресушілерге арналған «Нобель сыйлығын» иеленген Пегги Лю, Coursera компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша басқарушы директоры Николя Фуко, футуролог, дизайнер, ​«Қара пантера. Ваканда мәңгі» фильмінің кеңесшісі Моника Бельските бар және т.б бар.

18-19 қазанда қазақстандықтар CONNECTED-2024 халықаралық конференциясында белгілі футурологтар, көшбасшылар, әлемнің озық университеттерінің профессорлары, білім сарапшылары, ірі компаниялардың негізін қалаушылары қатысатын сессияларды тамашалай алады.