2020 жылғы шілдедегі халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 111867 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2019 жылғы шілдедегіге қарағанда 6,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9%-ке төмендеді, деп хабарлайды Статистика агенттігі.
2020 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 211226 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы II тоқсанда 454 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы тамыздың соңына 219,2 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,4%.