Қазақстандағы несие мәселесі өтірік болып шықты. Біз бұған дейін ҚР-да халыққа несие беруді проблема ретінде қарастыруға негіз жоқ деп жазған болатынбыз, енді Бірінші несие бюросы (БНБ) бұл деректі тағы да растады, деп хабарлайды ranking.kz.

Халықтың несие жүктемесі туралы сұрақтар мен болжамдар дәстүрлі түрде бірінші кезекте кепілсіз тұтынушылық несиелерге қатысты айтады. БНБ дерегінше, бұл несие портфелі биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, бір жыл ішінде 28,3% (немесе 1,6 трлн теңгеге) ұлғайып, 7,4 трлн теңгені құрады. Сонымен қатар, БКБ банктер мен банктік емес қаржы ұйымдарының балансынан есептен шығарылған несиелер де қосылған деректерді ұсынады, яғни біз осы сегменттегі барлық несие туралы айтып отырмыз.

Дегенмен, сектордағы портфель сегменттелген және динамикасы өтелмеген қарыз сомасына байланысты айтарлықтай ерекшеленеді. Мәселен, жалпы несие портфелінің бірден 45%-ы (3,3 трлн теңге) қарыз алушылардың небәрі 10%-на (700 мың адам) тиесілі. Олардың әрқайсысы орташа есеппен 2,5 млн теңге қарыз. Осы санаттағы азаматтардың несие алуы жылдам өсіп келеді: 2022 жылы осы 10% қарыз алушылардың жалпы қарызы 1,5 есеге жуық (47%) өсті.

Қарыз алушылардың қалған 90%-ы 6,3 млн адамды құрайды, бірақ оларға портфельдің тек 55%-ы (шамамен 4,1 трлн теңге) тиесілі. 2022 жылы бұл сегменттегі несие портфелі бар болғаны 16,3% өсті, бұл инфляция деңгейінен (20,3%) төмен.

Оның үстіне 0,5 млн теңгеге дейінгі ең аз қарызы бар жұмыс істеп тұрған қарыз алушылардың жартысына (3,5 млн адам) жалпы қарыздың небәрі 10%-ы немесе шамамен 740 млрд теңге ғана тиесілі. 2022 жылы бұл қарыз алушылардың портфелі 9% ғана өсті. Бұл сегментте орташа қарыз 202 мың теңгені құрайды, бұл іс жүзінде бір жыл бұрынғы деңгейден аспайды (ол кезде орташа қарыз көлемі 200 мың теңгені құрады, 1% ғана өсті).

Осылайша, несие портфелінің өсуін елдегі несие массасының жартысына жуығын құрайтын ең ірі несиелері бар қарыз алушылардың 10%-ы қамтамасыз етеді. Бұл адамдардың кедейлер санатына және әлеуметтік әлсіз топқа жатпайтыны анық. Мұнда бір борышкердің ең аз 2,5 млн теңге несиесі болса, ең көп сома 3,5 млрд теңге, ал орташа көрсеткіш 4,7 млн теңге. Бұл азаматтарға банктер мен басқа да несиелік мекемелер ерекше қарайды. Қарыз алушылардың осы сегментіндегі борыштық жүктеме деңгейі туралы алаңдаудың қажеті жоқ.

Шындығында, үлкен сома несие алатын 700 мың борышкердің басқа санаттағы азаматтардан үш қарқынды қарыз алып жатқанына қарап барлық қазақстандықьтардың несиеге белшесінен бастып жатыр деген жалған қорытынды жасалып отыр. Жалпы несие портфелін борышкер санына шаққанда жүктеме екі есе көбейді делінгенімен,  қарыздың көбеюі жоғарыда аталған 700 мың борышкер есебінен болып отыр. Осылай жіктеп қарағанда қазақстандықтардың қарызға соншалықты батып жатпағанын байқауға болады. 

Несиелердің табысқа қатынасын қарастырған кезде қазақстандықтардың қарыздық жүктемесі, керісінше, айтарлықтай төмендегені де байқалады. Мысалы, ең көп сомада несие алатын 10% борышкердің қарызы жалақыға шаққанда былтыр 19,8 есе болса, қазір 15,3 жалақыға тең. 

Қарыз алушылардың 90%-ы, яғни қарыз алушылардың негізгі бөлігі туралы айтатын болсақ, мұнда әр борышкердің мойнындағы қарыз олардың 2 жалақысына тең. Былтыр бұл көрсеткіш 2,3 болған. Оның үстіне борышкерлердің 50%-дағы несие көлемі бір жалақы көлемінен де аз (дәлірек айтсақ, бір жыл бұрын 0,8 жалақы болса, қазір 0,7 жалақы).

Тағы бір маңызды жайт: БНБ дерегінше, ҚР-дағы қарыз алушылар негізінен несиелерді мерзімінен бұрын жауып тастайды. Бұл адамға шамадан тыс несиелік жүктеменің жоқтығын және қазақстандықтардың несие пайызын жауып отыра бермейтінін көрсетеді.

Осы кезеңде берілген тұтынушылық кепілсіз несиелерге келетін болсақ: 2022 жылы олардың көлемі 6,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,8% көп. Бір несиенің орташа сомасы бір жыл бұрын 314 мың теңге болса, қазір шамамен 22% азайып 246 мың теңгені құрады. Бұл ретте қарыз алушылардың 90%-ы үшін берілген несиенің орташа мөлшері 2022 жылы қаңтардағы 178 мың теңге болса, 2022 жылы желтоқсанда 171 мың теңгені құрады. 

Портфельдің сапасы жыл ішінде айтарлықтай өзгермеді, сәл ғана жақсарды: 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктер мен банктік емес ұйымдар берген несиелердің 90 күннен артық кешіктірілгенінің үлесі 12,9% болса, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 12 ,8%. NPL90+ жалпы көлемі биыл жыл басында 943,8 млрд теңгені құрады.