Ұлттық банктің мәліметінше, банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,1%, былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 18,3% көбейіп, 16 трлн 964 млрд теңгені құрады.
Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 370,5 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға, жеке тұлғаларға – 9 593,5 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 15 029,5 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,9%-ға өсті.
Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 934,4 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға өсті. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,2%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 11,0%-ға азайды. 2021 жылғы қыркүйектің соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 88,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 14 623,9 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 340,0 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы қыркүйекте 3 197,1 млрд теңгеге дейін 10,5%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 43,4%-ы).
Корпоративтік секторды сала бойынша бөлуде банктердің экономикаға берген кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (корпоративтік сектордың жалпы көлеміндегі үлесі – 32,0%), сауда (21,3%), құрылыс (7,5%) және көлік (5,4%) сияқты салаларға тиесілі.
2021 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,8% (2020 жылғы қыркүйекте – 12,1%), жеке тұлғаларға – 17,5% болды (17,3%).