Қаңтар-қыркүйек аралығында бөлшек сауда көлемі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 14,6% артып 9,2 трлн теңгені құрады.
Инфляцияны алып тастағандағы нақты өсім 6% болды. Былтыр карантин кезінде көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,8% кеміп кеткен еді.
Өңірлер бойынша көшбасшы Алматы қаласы (2,9 трлн теңге) және Нұр-Сұлтан 1 трлн теңге.
Бөлшек сауданың нақты өсімі барлық өңірде байқалады. Соның ішінде ең қарқынды өсім Алматы қаласы (12,6%), Шымкент пен Маңғыстау облысы (8,1%). Ал аз өсім СҚО (0,2%) және Ақмола мен Алматы облыстары (0,6%).
Бөлшек сауданың басым бөлігі азық-түлк емес тауарлар. Оның көлемі жалпы көрсеткіштің 64% құрап 5,9 трлн теңге болды. Бір жылда 10,1% өскен.
Ал азық-түлік саудасы былтырғыдан 1,2% азайып 3,3 трлн теңгені құрады.
Былтырғы пандемия кезінде керісінше тамақ саудасы 4,9% көбейіп, ал азық-түлік емес тауарлар 12,9% азайып кеткен еді.
Айта кетейік, тамақ бағасы биыл тоғыз айда 10,8% қымбаттады, бұл соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Ал басқа тауарлар 6,5% қымбаттады, бұл соңғы үш жылдағы рекорд.