2021 жылдың екінші тоқсанында республика бойынша халықтың ақшалай шығыны жан басына жаққанда былтырғыдан 18,5% ұлғайып 197,6 мың теңгені құрады.
Былтыр көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,8% көбейіп 166,7 мың теңге болған еді.
Өңірлер бойынша ең көп ақша жұмсайтындар алматылықтар. Жан басына шаққанда Алматы қаласы 275,5 мың теңгеден жұмсады. Көрсеткіш былтырғыдан 17,7% көп. Екінші орында Қарағанды 22% ұлғайып 247,2 мың теңге, одан кейін Павлодар 30% артып 237,3 мың теңгеге жетті.
Ең аз жұмсайтындар Түркістан облысы. Көрсеткіш былтырғыдан 25% көбейіп 133,7 мың теңге болды.
Өсім қарқыны бойынша ең алда Павлодар облысы болса, ең азы Шымкентте.
Шығынның 92,7%-ы тұтынушылық шығын. Былтырғыдан 18,6% көбейіп 183,2 мың теңге болды. Соның ішінде 105,6 мың теңге тамаққа, 45,2 мың теңге азық-түлік емес тауарларға, 32,4 мың теңге ақылы қызметтерге жұмсалады.
Туыс-туғанға ақшалай көмек пен алмент төлемі 25,3% көбейіп, 4 мың теңгені құрады. Әр түрлі төлемдер 47,5% өсіп 205 теңге болса, несие төлеу 14,5% ұлғайып 10,2 мың теңгені құрады.