Егіс науқанын өткізу үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 150 мың трактор, 5 мың бірлік жоғары өнімді тұқым себу кешендері, 76 мың тұқым сепкіш, 219 мың топырақ өңдейтін құрал бар.
«Бүгінде аймақтық ақпарат бойынша, жаппай егіс жұмыстарының басталуына қарай техниканың дайындығы шамамен 98% құрайды, бұл техника 100% дайын болады. Шаруаларды жеңілдетілген дизельдік отынмен қамтамасыз ету мақсатында 250 теңге/литр бағамен 376 мың тонна бөлінді, бұл нарық бағасынан 15 пайызға төмен. Дегенмен, жергілікті жерде жөнелту әлсіз, бүгінгі күні небәрі 194,2 мың тонна немесе 52% жөнелтілді. Осыған байланысты облыс әкімдіктері жанар-жағармайдың кестеге сәйкес тезірек жөнелтілуін қамтамасыз етуі қажет», — деді министр әкімдерге.
«Кең дала» бағдарламасы бойынша шаруалардан жалпы сомасы 150,4 млрд теңгеге 3863 өтініш түсіп, оның ішінде 111,0 млрд теңгеге 2458 өтініш берілген. Форвардтық сатып алу бойынша 670,4 мың тонна астық сатып алуға жалпы сомасы 46,0 млрд теңгеге өтінімдер түсті. Оның ішінде үйлестіру кеңесі 596,6 мың тонна астық сатып алуға жалпы сомасы 40,7 млрд теңгеге өтінімдерді мақұлдады.
«Жалпы, биылғы көктемгі дала жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру 580 млрд теңгені құрайды, оның 400 млрд теңгесі қаржы институттарын тікелей субсидиялау тетігі арқылы шаруалар үшін жылдық таза 5% қарыз қаражатының қосымша сомасы. Біз Қаржы министрлігінен жоғарыда аталған субсидияларға үкіметтік резервтен 60 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу мәселесін жеделдетуді сұраймыз», — деді министр.
Ол проблемалық мәселелер барлық мүдделі тұлғаларды тарта отырып, министрліктің жедел штабының отырыстарында қаралып, шешілетінін баса айтты.