«KEGOC» электр желісі операторының таза пайдасы 2024 жылы бірінші тоқсанда 58% өсіп, 21,4 млрд теңгеге жетті. 

Компанияның табысы 88,6 млрд теңгені (2023 жылдың бірінші тоқсанындағы 64,7 млрд), жалпы шығыны – 64,1 млрд теңгені (бір жыл бұрын 51,1 млрд теңге) құрады.

Жалпы пайда 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі 18,7 млрд теңгемен салыстырғанда (62% өсті) 30,3 млрд теңгені құрады. Биыл бірінші тоқсандағы операциялық пайда 27 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 67,7% артық (16,1 млрд теңге).

Кәсіпорынның капиталы 707,1 млрд теңге, оның өсімі өткен жылмен салыстырғанда 3,1% құрады. Компанияның міндеттемелері аздап (бар болғаны 2 млрд-қа) өсіп, 318,9 млрд теңгені құрады.

Мамыр айының басында «KEGOC» АҚ 2023 жылғы таза пайдасының 97%-ын дивиденд ретінде пайдаланатыны белгілі болды, бұл тиісті шешімді акционерлер жылдық жалпы жиналыста қолдады. Осылайша, дивидендтердің жалпы сомасы 42,1 млрд теңгені немесе бір жай акцияға 157,24 теңгені құрады.

Өткен жылдың күзінде KEGOC KASE және AIX-те 22,6 млрд теңге қосымша шығарылымын орналастырды (қайталама орналастыру немесе SPO). Жиналған қаржының басым бөлігі дивидендтер төлеуге жұмсалатынын сарапшылар ескерткенімен, компанияны дамытуға жұмсалады деп жоспарланған. Мәміле нәтижесінде ең ірі меншік иесі Самұрық-Қазынаның үлесі 90%-дан 85%-ға дейін төмендеді.