«KEGOC» АҚ компания жұмысының негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері көрсетілген 2024 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша қаржылық есеп шығарды.

2024 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша KEGOC электр энергиясының нарықтық бағасының оң конъюнктурасы жағдайында кіріс, EBITDA, таза пайда сияқты негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсімін көрсетті.

Көрсетілген кезеңде электр энергетикасы саласының және Жүйелік оператордың жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылды.

Қазақстан бойынша электр энергиясын тұтыну 60,0 млрд кВтсағатты; өндіріс - 60,2 млрд кВтсағатты құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,3 млрд кВтсағат немесе 3,9%, өндіріс 2,7 млрд кВтсағат немесе 4,7% жоғары.

Тиісінше, электр энергиясын өндіру мен тұтыну көлемінің өсуі Компанияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен табысқа оң әсер етті. Мәселен, электр энергиясын жеткізу көлемі 9,34 млрд кВтсағатты, Ұлттық электр торабын пайдалану бойынша қызмет 37,6 млрд кВтсағатты құрады.

Негізгі қызметтен түскен кірістер І жартыжылдықта 158,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың І жартыжылдығындағы кірістерден 38% жоғары.

Нақты уақыт режимінде нарықты теңгерімдейтін бірыңғай сатып алушы нарығының жұмыс істеуі және компанияның тиімді жұмысы нәтижесінде KEGOC таза пайдасы 35,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 12,1 млрд теңгеге немесе 52,8% жоғары.

Жалпы алғанда Компания ағымдағы инвестициялық жобаларды сәтті іске асыруын жалғастырып жатыр. «Электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағын күшейту» жобасының жалпы құны 154 млрд теңгені құрайды. Өткен жылдың қыркүйек айында барлық «толық аяқталған» шарттар жасалды. Қазіргі уақытта ЖСҚ (жобалау сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба меншік қаражат, SPO қаражаты және қарыз қаражаты есебінен іске асырылатын болады. Осы мақсаттар үшін 2024 жылғы 18 шілдеде Азия даму банкімен Кредиттік келісімге қол қойылды. Қарыз қаржыландырудың алғашқы траншын тарту 2026 жылғы қаңтарға жоспарланып отыр.

«Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру» жобасының жалпы құны 201 млрд. теңгені құрайды. Ағымдағы жылғы ақпан айында жобаның ТЭН-іне (техникалық экономикалық негіздемесіне) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Биыл жыл соңына дейін «толық аяқталған» шарттар жасау жоспарланып отыр.