«KEGOC» АҚ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жай акциялар бойынша дивидендтер төледі, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«17,014 млрд теңге немесе бір жай акцияға 65,44 теңге, бұл есепті кезеңдегі таза пайданың 120% құрайды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жай акциялар бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2022 жылғы 15 желтоқсан сағат 00:00-ге белгіленген», - делінген хабарламада.
Дивидендтер Орталық депозитарий арқылы төленді. «Компания IPO-ға шыққан сәттен бастап жалпы сомасы 205 млрд теңгеге жуық дивидендтер төледі», - деп хабарлады компания.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның шоғырландырылған таза табысы 14 млрд теңгені құрады. Төлеуге жататын дивидендтердің жалпы сомасы 17 млрд теңгені құрайды, оның 3 млрд теңгесі өткен кезеңдердің бөлінбеген кірісінің бөлігі болып табылады. Осылайша, KEGOC таза пайданың 120%-ын төлемге бөледі, бұл бір акция үшін 65,44 теңгені құрайды.