Кселл облигациялық бағдарламаны ұлғайту арқылы тағы 30 миллиард теңге тартпақ.

Кеңестің шешімімен компания облигациялар бағдарламасын 70 миллиардтан 100 миллиардқа дейін арттырады.

Бұған дейін компания облигациялық бағдарлама арқылы 70 миллиард теңге көлемінде үш траншты орналастырған болатын.

Облигацияларды орналастыру платформасы: AIX.

Бір облигацияның номиналды құны 100 миллион теңгені құрайды.

Облигацияның айналыс мерзімі шығарылған күннен бастап 12 (он екі) айдан 36 (отыз алты) айға дейін.

Бағдарлама 7 жылға жарамды (2030 жылдың желтоқсан айына дейін).