2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда-саттық тізімдерінде 148 эмитенттің 162 акциясы болды, оның ішінде 45 шығарылым KASE Global секторында айналымға жіберілді.
2022 жылғы мамыр айының қорытындылары бойынша KASE индексі 2661,5 тармаққа дейін 12,3%-ға төмендеді, ең көп төмендеу «Kcell» АҚ (-29,5%), «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (-16,5%), «Kaspi.kz» АҚ (-14,5) бойынша болды.
Акциялар нарығын капиталдандыру 2022 жылғы мамырда сыртқы конъюнктураның нашарлауы аясында олардың акциялары бағасын түзету есебінен 7,9%-ға немесе 1,82 трлн теңгеге азайды және 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 21,2 трлн теңгені құрады. Акциялар нарығын капиталдандырудың төмендеуі 2022 жылдың басынан бері 26,4% немесе 7,6 трлн теңгені құрады.
Ағымдағы жылғы мамыр айында акциялармен сауда-саттық көлемі 2022 жылғы сәуірдегі акциялармен сауда-саттық көлеміне қатысты 64,6%-ға немесе 7 млрд теңгеге ұлғайып, 18 млрд теңгені құрады.