Kcell жеке меншікке сатылатын активтер тізіміне енгізілмек, дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БӘҚА) басшысы Марат Омаров. Оның айтуынша, тізім жыл соңына дейін дайын болады.

Омаровтың пікірінше, бұл мәселеде «Самұрық-Қазынаның» ұстанымы маңызды. Қор алдағы жылдары «Қазақтелекомның» (оның Kcell-де 51% үлесі бар) SPO жүргізе ме, соған байланысты. Өйткені, МТС пен Kcell сатылғаннан кейін Қазақтелеком ұялы желіде ешқандай активсіз қалады.

«Самұрық-Қазына» «Қазақтелеком» акцияларының 80,85% иелік етеді.