Кселл АҚ 2025 жылдың I жартыжылдығындағы қызметінің нәтижесін жариялады.
- Консолидирленген кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2% өсіп, 124,9 млрд теңгеге жетті.
- Қызметтік кіріс 102,8 млрд теңгені құрап, 4,6% артты.
- EBITDA көрсеткіші 5,9% өсіп, 47,7 млрд теңге болды, ал EBITDA маржасы 37,2%-дан 38,2%-ға дейін көтерілді.
- Есепті кезеңдегі таза пайда 5,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,5% жоғары.
Компания желіні жаңғыртуға және дамытуға, соның ішінде 5G технологиясын енгізуге белсенді түрде инвестиция салуда. 2023 жылдың басынан бері ел бойынша 1 846 5G базалық станциясы орнатылды.
Есепті кезеңде тұтынылған деректер трафигінің көлемі 630 петабайтты құрап, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 32,6% артты.