Kcell компаниясының 9 айда жиынтық табыс 18,4%-ға, қызмет көрсетуден түскен табыс 12,1%-ға өсті.
«Жалпы кірістің өсімі 16,0%-ға жетті. Кіріс өсімінің бұл деңгейі қатаң бақылау және шығындарды оңтайландыру арқылы EBITDA-ның айтарлықтай өсуіне – 18,4%-ға қол жеткізуге мүмкіндік берді», – деп түсіндірді Kcell Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков 3-тоқсанның қорытындысы бойынша.
Сондай-ақ Kcell-дің жарияланған есебінде үшінші тоқсанда құрылғыларды сатудан түскен кірістің өсімі 21,2%-ды құрап, оң динамикасын жалғастырғанын көрсетеді. Өсудің негізгі драйверлері Samsung S және Apple iPhone 13 сатылымы болды.
Сонымен қатар, есепте компания B2B сегментін дамытуға үлкен ставка жасап жатқаны айтылған. Нәтижесінде 2022 жылғы 3-тоқсанда абоненттік базаның өсуі 2021 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда 14%-ды құрады.
Оператор 250+ бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысады. 2022 жылдың соңына дейін тағы 360 ауылды байланыс және интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Компания «250+» лицензиялық жағдайлардан асатын жұмысын жалғастыруда. Жыл басынан бері 46 ауылда желі жаңартылды – ауыл тұрғындары қазір LTE технологиясын пайдаланады. Компания Қазақстанның 60 ауылында ағымдағы қамтуды жақсартуды және жаңа базалық станцияларды орнатуды жоспарлады.