Kcell AIX арқылы 25 млрд теңге сомасына облигацияларды орналастырды.
Бұл Kcell облигациялық бағдарламасы аясындағы екінші облигация шығарылымы.
- Бағалы қағаз түрі – купондық облигациялар
- Шығарылым көлемі – 250 (екі жүз елу) дана
- 1 облигацияның номиналды құны – 100 млн теңге
- Валюта – теңге
- Орналастыру әдісі – жеке орналастыру
Облигацияларды орналастырудан түскен қаражат стратегиялық мақсаттарды қаржыландыруға және компанияның негізгі қызметін одан әрі дамытуға бағытталады, деп хабарлайды компания.