21 тамызда Kaspi.kz АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында өзінің жай акциялары бойынша бір бағалы қағазға 850 теңге немесе шығарылған жай акциялардың (199,5 млн) санына қарай 169,5 млрд дтвтденд төлеу туралы шешім қабылдады.
2024 жылдың бірінші тоқсанында компания дәл осындай соманы төлеген. Бұл ретте Kaspi.kz бас директоры Михаил Ломтадзе бұған дейін төлемдер болашақта тоқтатылуы мүмкін екенін ескерткен болатын, өйткені капиталды халықаралық нарыққа шығу үшін пайдалану жоспарланған. АҚ бағалы қағаздарының 24%-ы Baring Funds-қа, 21%-ы Михаил Ломтадзеге, 20%-ы Вячеслав Кимге тиесілі.
Айта кетейік, Kaspi.kz бірінші жартыжылдықта таза табысын 27%, 466 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.