30 шілде күні доон шабуылына ұшыраған КҚК 31 шілдеден бастап жұмысын уақытша тоқтатты. Алайда, кей БАҚ хабарлағандай, толық тоқтамайды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасуда.
1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тонна. Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады.