Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру үшін Әзербайжанға дейін байланыс желісін салу жөніндегі ірі халықаралық жобаны жүзеге асыру басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
«Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық мәртебеге ие және халықаралық интернет-трафик транзитінде маңызды рөл атқарады. Транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында Каспий теңізінің түбінен Әзербайжан Республикасына дейін оптикалық кабель құрылысын іске асыру басталды. Жобаны ағымдағы жылдың 3 тоқсанында аяқтау жоспарлануда», — деді Жаслан Мәдиев.