2023 жылғы 24 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Қаламқас теңіз, Хазар, Әуезов» жер қойнауы учаскелеріне жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізілді.
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық әріптесі ретінде Ресейдің «Лукойл» компаниясы таңдалды.
2023 жылғы 6 ақпанда күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған Үлгілік келісімшарт талаптарында жасалатын көмірсутек шикізатын өндіруге арналған алғашқы келісімшартқа қол қойылды.
Ескерту: күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ашық қолжетімді.
Бұл жобаны іске асыру арқылы 32 млн АҚШ доллары көлемінде қол қою бонусы төленеді, 6 млрд АҚШ долларынан астам сомада тікелей инвестиция тартылады және жобаны әзірлеудің бастапқы кезеңінде шамамен 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.