Каспий құбыр консорциумы арқылы 3,57 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданды, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
«2024 жылдың бірінші тоқсанында Каспий құбыр консорциумы жүйесі арқылы 3,57 млн тонна «ҚазМұнайГаз» мұнайы тасымалданды. 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда (3,39 млн тонна) көлем 5,3% өсті», — делінген хабарламада.
Айта кету керек, 2023 жыл КҚК бойынша мұнай тасымалдау көлемі бойынша тарихи рекордтық жыл болды - 63,5 млн тонна мұнай.
Жалпы, 2024 жылдың бірінші тоқсанында КҚК тасымалдаған мұнай көлемі 17 млн тоннадан астам болды, бұл да өткен ұқсас кезеңнің нәтижелерінен (16,3 млн тонна) 5% жоғары.
Еске салайық, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ КҚК-дағы үлесі 20,75 пайызды құрайды. Сондай-ақ халықаралық консорциумға «Транснефть» ЖАҚ, «Шеврон Каспий құбыр консорциумы» компаниясы, LUKARCO B.V., Mobil Caspian Pipeline Company, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited, KTK Company, BG Overseas Holdings Limited, Eni International N.A. Н.В. S.ar.l, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC және Oryx Caspian Pipeline LLC кіреді.