Kaspi Өзбекстан, Шығыс Еуропа және Азия нарығына шыға алады, деді компания CEO-сы Михаил Ломтадзе.
«Біз Қазақстаннан үлкен нарықтарға шыққымыз келеді. Шығыс Еуропа мен Азия нарықтары тартымды. Қазақстанмен шектесетін үлкен нарық Өзбекстан бар, ол да тартымды», — деді Ломтадзе.
Оның айтуынша, Kaspi мақсаты — 100 млн пайдаланушысы бар компания болу.
Ломиадзе қазір Қазақстанда Kaspi өнімдерін 15 млн-ға жуық адам пайдаланатынын айтты.