Kaspi II тоқсанға 1000 теңгеден дивиденд төлейді

Kaspi.kz акционерлері 2026 жылдың II тоқсанына бір жай акцияға 1000 теңге көлемінде дивиденд төлеуді бекітті.

Бұған дейін компанияның Директорлар кеңесі бір акцияға осыншалықты дивиденд төлеуді ұсынған болатын. Бұл мәселе 10 қыркүйекте акционерлердің жалпы жиналысында қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Дивидендтерді төлеу мерзімі әзірге нақтыланған жоқ.

Айта кетейік, Kaspi.kz 2026 жылдың I тоқсанына бір жай акцияға 850 теңге дивиденд төлеген. Бұл компанияның соңғы кезеңдердегі тоқсандық дивидендтерінің дәстүрлі мөлшері болған.

II тоқсана бекітілген 1000 теңге дивиденд алғашқы тоқсандағы төлемнен 17,6% жоғары.

Компанияның орналастырылған акцияларының саны 199,5 млн екенін ескерсек, дивидендтің жалпы көлемі 199,5 млрд теңге болмақ. Ал компания екінші тоқсан қорытындысы бойынша 258,9 млрд теңге пайда тапқан. Осылайша, пайданың 77%-ы дивиденд төлеуге бағытталады.

Осылайша, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша бір акцияға төленетін дивидендтің жалпы көлемі 1850 теңгеге жетті.