Kaspi Bank 2024 жылдың қорытындысы бойынша акционерлеріне 4 900 теңге көлемінде дивиденд төлейтін болды. Бұл шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданды.

Барлығы 18,3 млн жай және 372 мың артықшылықты акция айналымда жүр. Төлемнің жиынтық көлемі – шамамен 91,4 млрд теңге.

Бұған дейінгі төлемдер

Kaspi биыл да бірнеше рет дивиденд төлеген болатын.

2024 жылдың ішінде акционерлер 1070 теңге және 2 000 теңге алды. 2023 жылы банк төрт рет дивиденд бөлді: 3 450, 6 150, 4 000 және 1 800 теңгеден. Яғни, Kaspi акционерлері үшін дивиденд саясаты тұрақты түрде сақталып келеді.

Меншік құрылымы

Kaspi Bank-тің негізгі акционерлері өзгерген жоқ: Baring Vostok Funds – 24%; Михаил Ломтадзе – 23%; Вячеслав Ким – 21%; 28% – еркін айналымдағы акциялар; 4% – банк менеджментінде.