«Самұрық-Энерго» Қазақстанның 2020 жылғы 5 айдағы электр энергиясы мен көмір нарығы туралы хабарлады.
Жүйелік оператордың деректері бойынша ҚР электр станциялары 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 45 577,5 млн.кВтсағ. электр энергиясын өндірген, бұл 2019 жылдың дәл осындай кезеңінен 3,3%-ке көп. Артығымен өндіру Қазақстан БЭЖ-інің барлық зоналарында байқалды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ресми сайтында орналастырылған, Қазақстанның 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы электр энергиясы мен көмірінің нарығына жасалған талдау-есепте осы туралы айтылған.
2020 жылғы бес айда генерациямен байланыстырылған электр энергиясын өндіру 22,5 млрд. кВтсағатты құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңімен барабар (22,8 млрд. кВтс). Сонымен бірге, 2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда байланыстырылған генерацияның үлесі кіші-гірім өсіп, ҚР-да өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің 49,6%-тін құрады.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіретін ұйымдары 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 12 225,7 млн. кВтсағатты құрады немесе 2019 жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 7%-ке ұлғайды.
Жүйелік оператордың деректерінше, өткен жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 2020 жылғы қаңтар-мамырда республиканың электр энергиясын пайдалану динамикасында 2% өсім байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік зонасында тұтыну 2%-ке, батыс зонасында 5%-ке және оңтүстік зонасында 1%-ке өскен.
ҚР ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің ақпаратынша, 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 44 951,9 мың тонна тас көмір өндірілген, бұл 2019 жылғы осындай кезеңнен 2%-ке жоғары (43 874,7 мың тонна).
«Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАЛ» БК тең негізде басқаратын, көмір өндіруші «Богатырь Көмір» ЖШС 2020 жылғы қаңтар-мамырда 19 428 мың тонна көмір өндірді, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 6%-ке көп (18 328 мың тонна). Осы кезең ішінде 19 498 мың тонна көмір сатылды, соның ішінде:
- ҚР-ның ішкі нарығына 15 151 мың тонна, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,8%-ке көп (13 923 мың тонна);
- экспортқа (РФ) – 4 346 мың тонна, бұл 2019 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 1,8%-ке көп (4 271 мың тонна).
ЖЭК-терді пайдаланатын нысандар (КЭС, ЖЭС, БГС, шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 1 170,2 млн. кВтсағатты құрады. 2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда (643,5 млн. кВтсағ.) өсім 81,8%-ті құрады.
Ағымдағы жылдың бес айында БГҚ-лардың және шағын СЭС-тердің электр энергиясын өндіруі төмендегені байқалады, ал ЖЭС және КЭС нысандарының электр энергиясын өндіруі артқан.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандары (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 143,5 млн. кВтсағатты немесе ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 12,3%-ін құрады, бұл 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 9,1%-ке жоғары («Самұрық-Энерго» холдингіне қарасты компаниялардың 2019 жылғы қаңтар-мамырда өндірген ЖЭК көлемі 131,5 млн. кВтсағатты, ал холдингтің ЖЭК-тегі үлесі 20,4%-ті құрады).
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандарында электр энегиясын өндірудің төмендеуіне себеп – ҚР ЖЭК-тің жаңа қуат көздерін іске қосу.