Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын екінші оқылымда қабылдады. Онда кәсіпкерлерге салынатын айыппұл көлемі төмендетілген.

Атап айтқанда, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін салынатын айыппұл 30% төмендетілді: жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 230 АЕК-тен 160 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК-тен 210 АЕК-ке дейін.

Сондай-ақ, салықтық және кедендік құқық бұзушылықтар үшін талап қою мерзімі өзгерді. Енді бұл мерзімдер Салық және Кеден кодекстерінің нормаларын қатаң сақтай отырып, құқықтық қайшылықтарды болдырмай, кәсіпкерлерді негізсіз санкциялардан қорғайтын болады.

Кедендік рәсімдерді уақтылы орындамағаны үшін көлік құралдары тәркіленбейтін болды.

Зейнетақы нормаларын бұзғаны, сондай-ақ, мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін салынатын айыппұл 50% төмендемек.

«Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың шығарылған жері сертификатын және шарттық бланкілерін беру тәртібін бұзғаны» үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды. Бұл енді мұндай мәселелерді Әкімшілік іс жүргізу кодексі (ӘІК) аясында қарастырылады.