«EL TIREGI» Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер Одағы, мемлекет көмегіне мұқтаж кәсіпорындардың мемлекеттік органдардың нұсқасы бойынша тізімін зерделеп, келесіні мәлімдейді.
"Біз "Ел тірегі" Одағы мемлекеттік көмекке зәру емес бизнес түрлері өкілдерінің тізімде болуы мүмкін емес деп санаймыз!" - деп жазады одақтың баспасөз қызметі.
Люкс автокөліктерін сатушыларды, әуе компанияларын, әуежайларды, энергетикалық компанияларды және қымбат үй салушыларды қолдау қазіргі кезде басымдық болып табылмайды!
Одақ олардың мақсаты мен өндіріс бағытына қарай мемлекеттік көмек алуы тиіс бизнес түрлері өкілдерінің тізімінде болуы дұрыс емес деп санайды.
Айталық, Элиталық автомобильдердің, авиакомпаниялардың, әуежайлардың, энергетикалық компаниялардың және элиталық тұрғын үй құрылысшыларын қолдау дәл қазіргі уақытта қажет емес!
Халыққа, шағын және орта бизнеске, қарапайым фермерлерге және отандық тауар өндірушілерге қиын-қыстау уақытта, мемлекетке және халыққа өздері көмектесуі керек «бизнес-олигархтарға» мемлекет тарапынан көмек көрсету дүйім жұрт алдында биліктің абыройсыздығына алып келеді.
Тізімдегі 360 кәсіпорынның 218-нің негізгі қызметі- элиталық тұрғын үй салатын құрылыс компаниялары.
Ал, оның 80-ні тек бір тұлғаға тиесілі.
86 компания сауда және жылжымайтын мүлікті жалға алу саласында, 26 көлік, 15 энергетикалық және тек қана 5-і тау – кен өндіруші.
Және тізімде бірде-бір өндірістік компания кездеспейді.
Сонымен бірге, кеше ғана өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Елбасы импортты алмастыратын отандық өндірістік саланы және ел экономикасын дамыту қажет екенін «шегелеп» айтты.
Алайда, байқап отырғанымыздай Үкімет нақты өндірістік кәсіпорындарға көмектесудің орнына, монополист болып табылатын және жоғары тарифтер әсерінен айталықтай қиындық көрмей отырған, элиталық тұрғын үй, энергетика және жылу компанияларын салушыларды қолдауға миллиардтаған қаражат жұмсауды дұрыс санаған секілді.
Біз мемлекеттік органның мұндай тәсілдерін елдегі жалпы мемлекеттік билік органдарының беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекет деп санаймыз.
Шикізат пен жанар-жағар май тасылмаудан түскен қаражатты бизнестің түрлі бағыттарын, соның ішінде алдыңғы тәжірибеге қарамастан мемлекеттік қолдауға үміткер болмауы тиіс бизнесті қолдауға қыруар қаражат жұмсайтын уақыттар арта қалды.
Мемлекеттік қаржыны ынсапсыз жұмсау дәл қазіргі уақытта қажетсіз әрі дұрыс емес, себебі бұл әрекет елдегі экономикалық ахуалды одан сайын күрделендіруі мүмкін!
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты "EL TIREGI" өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы Үкіметтен келесі мәселелерді таразылауды сұрайды:
1. Мемлекеттік қолдауға үміткер кәсіпорындардың осы тізімін жою және кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен және өндірушілердің салалық қауымдастықтарымен кеңінен талқылай отырып, жүйе құраушы кәсіпорындардың жаңа тізімін жасау;
2. Осы тізімді дайындауға жауапты шенеуніктердің есімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы қатаң жазалау.
Одақ өндірістік кәсіпорындар мен экономиканың нақты секторының көзқарастарын білдіруші ретінде осынау қиын уақытта мемлекеттік қолдау отандық шынымен мұқтаждық көріп отырған секторды қолдауға және отандық өндірісті дамытуға бағытталады деп үміттенеді.
Үкімет мүшелерін, отаншыл болуға және мемлекет мүдделері мен экономиканың дамуына негізделген шешімдер қабылдауға шақырамыз!
Төменде мемлекеттен қаржылай қолдау алатын ең ірі компаниялардың ондығы:
- Mega Center Management
- Almaty Motors Premium - Ланд Ровер мен Ягуар сататын дилер
- BI Group
- Алматы халықаралық әуежайы
- Астана халықаралық әуежайы
- Шар-Құрылыс
- Эйр Астана
- Қазақмыс
- Хайвил Астана