01.08.2021 ж. жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда тізімдерінде 122 эмитенттің 138 акциясы болды, оның 4 шығарылымы листингтік емес бағалы қағаздар секторындағы айналысқа жіберілді.
Есепті айда жаңа акциялар KASE-нің ресми тізіміне қосылған жоқ. 2021 жылғы шілдеде дивидендтен кейінгі кезең
аясында KASE индексі 7,7%-ға 3 086,66 тармаққа төмендеді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген талдау негізінде акциялар нарығын капиталдандыру 01.08.2021ж. жағдай бойынша 2021 жылғы шілдеде 41,3%-ға немесе 8,3 трлн теңгеге ұлғайып, 28,3 трлн теңгені құрады. Ұлғаю негізінен листингтелетін акциялар құнының өсуі және KASE-де «Kaspi.kz» АҚ жай акцияларымен мәмілелердің қалпына келуі есебінен болды.
Акциялармен сауда-саттық көлемі 2021 жылғы шілдеде 13,3 млрд теңге болды, маусымдағы акциялармен сауда-саттық көлемімен салыстырғанда 19,3%-ға немесе 3,2 млрд теңгеге азайды.
Облигациялар нарығында KASE-нің сауда тізімдерінде 71 эмитенттің 296 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 15 трлн теңге болды, 2021 жылғы шілдеде 0,1%-ға немесе 21,8 млрд теңгеге азайды.
2021 жылғы шілдеде жалпы сомасы 45,8 млрд теңгеге 6 облигациялар шығарылымы орналастырылды, оның 65%-ы квазимемлекеттік секторға тиесілі.
Корпоративтік облигациялардың қосалқы нарығындағы инвесторлардың негізгі санаттары бойынша ЕДБ үлесі 0,1%-дан аз, брокерлік-дилерлік ұйымдар – 41,5%, басқа институционалдық инвесторлар – 4,9%, өзге заңды тұлғалар – 51,7%, жеке тұлғалардың үлесі – 2% болды. Бейрезиденттер үлесі 34,8%-ды құрады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша KASE-де саудаланатын, номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы 01.07.2021ж. көрсеткішке қарағанда 1,7%-ға немесе 305,8 млрд теңгеге ұлғайып, 18,1 трлн теңгегі құрады.
KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2021 жылғы маусыммен салыстырғанда 44,6%-ға немесе 107,6 млрд теңгеге ұлғайып, 2021 жылғы шілдеде 348,8 млрд теңгені құрады.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы саудасаттық көлемі 2021 жылғы шілдеде 316,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 312 млрд. теңге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелерін орналастыруға тиесілі.
Қайталама нарықтағы инвесторлар құрылымындағы ЕДБ үлесіне 45,1%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 20,7%, басқа институционалдық инвесторлар үлесіне – 4,4%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 29,4%, жеке тұлғалардың үлесі – 0,4%-ды құрады. Бейрезиденттердің қатысуы 4,7% деп бағаланады.
Ұжымдық инвестициялар нарығында 41 инвестициялық пай қорыжұмыс істеді, оның 22 интервалды, 18 жабық және 1 ашық. 2021 жылғы шілдеде 1 жабық инвестициялық пай қоры тіркелді. Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарылатын активтердің жиынтық көлемі 399,4 млрд. теңгені құрады және алдыңғы аймен салыстырғанда 1,1 млрд. теңгеге немесе 0,3%-ға ұлғайды. Аталған ұлғаю, ең алдымен, инвестициялық қорлардың пайларын орналастыру арқылы инвесторлардың тартылған активтерінің есебінен орын алды.
Инвестициялық пай қорларының негізгі активі 334,9 млрд. теңге көлеміндегі немесе жиынтық активтерден 84% көлеміндегі бағалы қағаздар болып табылады, бұл ретте портфельдің 95%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады. Бұл дерек басқарушы компаниялардың шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздарға инвестиция жасауға қызығушылығын куәландырады.