Картоп егістігі 35 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін азайды.
2024 жылы бұл көрсеткіш 121,9 мың гектарды құрады, деп хабарлайды статбюроның алдын ала мәліметтері. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда егістік көлемі бірден 35% төмендеп, кем дегенде 1990 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жетті.
Соңғы екі жылда көшбасшылар қатарында болған Солтүстік Қазақстан облысында көрсеткіш құлдырады. Егістік 2023 жылы 27,5 мың гектар болса, 2024 жылы небәрі 7,5 мың гектар болды.
Ресми ауылшаруашылық статистикасы, әрине, әрқашан шындықты 100% дәл көрсете бермейді, бірақ шын мәнінде, шаруалар жыл басында егіннің азаятынын айтқан.
Сонымен қатар кәсіпкерлер ресейлік тым арзан картоптың ішкі нарықта да, экспортта да кедергі жасап жатқанына шағымданды. Екінші жағынан, биыл экспорт та көбейгені белгілі.