Ұлттық банктің мәліметінше, резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2020 жылғы ақпанның соңында 0,6%-ға төмендеп, 18 578,8 млрд теңге болды.
Соның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 9 181,4 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға төмендесе, жеке тұлғалардың депозиттері керісінше 9 397,5 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 10 802,1 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды, ал шетел валютасындағы депозиттер көлемі – 7 776,7 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға төмендеді. Долларландыру деңгейі 2020 жылғы ақпанның соңында 41,9% (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы ақпанда 5 356,8 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға, шетел валютасындағы – 3 824,6 млрд теңгеге дейін 7,2%-ға төмендеді (заңды тұлғалар депозиттерінің 41,7%-ы).
Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 5 445,3 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға, шетел валютасындағы – 3 952,2 млрд теңгеге дейін 4,7%-ға ұлғайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 42,1%-ы).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,7%-ға төмендеп, 12 615,8 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 7 329,5 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 5 286,3 млрд теңгені құрады.