Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-қазанда 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 97,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2020 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9410,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 4,7% кем.
2020 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 21437 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 0,6% кем. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 3,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 0,9% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 3,1%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 3,6% кеміді.
2020 жылғы қаңтар-қазанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 5395,1 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 5,2% артты.
2020 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3688,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 10,7% артық.
2020 жылғы қаңтар-қазандағы«Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 82,7% құрады.
2020 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 480 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 4,1%-ға кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 96,9 млрд. ж-км құрап, 60,4%-ға кеміді.
2020 жылғы қаңтар-қазандағы«Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 108,2% құрады.
2020 жылғы қаңтар-қазандағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 90,6%-ды құрады.
2020 жылғы қаңтар-қазандағы бөлшек сауда көлемі 9067,7 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 94,3% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-қазандағы көтерме сауда көлемі 18644,8 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 90,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 62825,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,9% азайды, соның ішінде экспорт – 35328,5 млн. АҚШ долларын (18% аз), импорт – 27497,4 млн. АҚШ долларын құрады (5,1% аз).
2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 461058 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,4% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 452400 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 324678 құрады, оның ішінде 316307 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасыны индексі 2020 жылғы қазанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,5% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 8,3%, азық-түлік емес тауарларға – 4,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 3% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы қазанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,7%төмендеді.