2021 жылдың қазан айы қорытындысы бойынша әуе жолаушылар тасымалы қызметі былтырғымен салыстырғанда 8,7% өсті.

Өңірлер бойынша ең қатты қымбаттағаны Түркістан облысы. Мұндағы әуе билеттері 30% қымбаттады, одан кейінгі Қызылорда облысында билет 22,9%, Маңғыстау облысында 19,4% қымбаттады.

17 өңірдің ішінде тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана баға өзгеріссіз қалды.

Ал Павлодар облысында 12,7%, Батыс Қазақстан облысында 15,3%, Ақмола облысында 22,5% арзандаған.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйегінде әуе тасымалы компанияларының табысы 265,7 млрд теңге болды. Былтырғы осы уақыттағыдан екі есе көп.

Табыстың негізгі көлігі, яғни 252,6 млрд теңге жолаушылар тасымалынан түссе, 13,1 млрд теңге жүк тасымалына тиесілі.

2020 жылдың үш тоқсанында әуе компанияларының табыстары 135,8 млрд теңгені құраған. Алдыңғы жылдағыдан екі есе аз.

Жалпы, 2016-2019 жылдар аралығында әуе компанияларының табысы тұрақты түрде өсіп отырған.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында әуе компанияларының 6,9 млн адам тасымалдағанын бұған дейін хабарлаған едік.

Ал жүк тасымалы осы уақыт аралығында 25 мың тоннаны құрады. Былтырғыдан 61,8% көп.

2020 жылы азаматтық авиацияның шығыны 350 млрд теңге болған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша әуе тасымалының көшбасшысы Air Astana болды. Компания нарықтың 70%-на ие. Соның ішінде 31%-ы FlyArystan компаниясына тиесілі. Екінші және үшінші орында SCAT Airlines пен Qazaq Air, тиісінше 24% және 4%. Қалған 2% «Оңтүстік аспаны» компаниясына тиесілі.

Халықаралық бағыт бойынша бірініш орында 46% үлеспен Air Astana. Екінші және үшінші орында SCAT Airlines (16%) және «Аэрофлот» (9%). Топ бестікте Turkish Airlines (7%) және flydubai (5%).