Қазақстан бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсанында тіркелген жеке кәсіпкерлер саны былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 4,8 пайыз азайып, 970,6 мыңды құрады.
970,6 мың жеке кәсіпкердің жартысының жартысы Алматы мен елордада. Алматыдағы жеке кәсіпкерлер былтырғыдан 2,8 пайыз азайып, 157,1 мыңды құраса, елордалық жеке кәсіпкерлер саны 1,9 пайыз өсіп, 97,8 мың болды.
Қызмет түрлері бойынша тасымал мен қоймалау саласындағы жеке кәсіпкерлер саны 13,2 пайыз, көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу саласында 10,7 пайыз, жылжымайтын мүлікпен операция 8,1 пайыз, әкімшілік және қосымша қызмет көрсету 1,4 пайыз, денсаулық және әлеуметтік көмек саласында 0,8 пайыз азайды.
Есесіне білім беру саласындағы жеке кәсіпкерлер саны 19,5 пайыз, қаржы және сақтандыру қызметі 10,8 пайыз, ауылшаруашылығы 9,7 пайыз, құрылыс 7,9 пайыз, өнеркәсіп 7,6 пайыз, өнер, көңіл көтеру және демалыс 4,1 пайыз, байланыс және ақпарат 3,3 пайыз, қонақүй және тамақтану саласындағы кәсіпкерлер 0,8 пайыз көбейді.