Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қайда инвестицияланып жатыр? Азаматтар зейнетақы жинағын жеке нарықта инвестициялай алатынынан қаншалықты хабардар? Ұзақ мерзімді болашақта БЖЗҚ қаншалықты табысты? Жеке басқарушы компаниялар салымшылардың қаражатын көбейтуге не себепті мүдделі? Зейнетақы жинағын толықтай БЖЗҚ-да қалдыру мен жеке басқарушы компанияларға берудің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Осы және өзге де сұрақтар бойынша Halyk Finance активтерді басқару департаментінің директоры Нұрлан Мұстафинмен сұхбат құрған едік.

— 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы қаражат 19,2 трлн теңге болды. Бұл өте үлкен ресурс. 2023 жылы БЖЗҚ қаражатының инвестициялық табысы 10,1% болған, бұл инфляциядан (9,8%) сәл ғана көп. Ұлттық банк зейнетақы қаражатын тиімді инвестициялай алып отыр ма? 

— Ұлттық Банк жоғары ықтималдық дәрежесі бар зейнетақы активтері құнының сақталуын қамтамасыз ететін тәуекелде зейнетақы активтерінің ұзақ мерзімді кезеңде оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылықты қамтамасыз ету мақсатында зейнетақы активтерін басқарады.

Айта отырайық, Ұлттық банк басқаратын БЖЗҚ активтері бойынша 5 жыл ішінде (2019 жылдан 2023 жылға дейін) орташа жылдық инфляция 10,16% болса, орташа жылдық табыстылық 9,04% болды; 10 жыл ішінде (2014 жылдан 2023 жылға дейін) орташа жылдық инфляция 9,25% болған кезде орташа жылдық табыстылық 9,40% болды.

Көріп отырғанымыздай, ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық банк басқаратын зейнетақы активтерінің табыстылығы зейнетақы активтерінің құнын сақтай отырып, инфляцияның өсу қарқынынан асып түседі. 

— Жеке басқарушы компаниялардың жылдық табыстылығы қандай? Соның ішінде Halyk Finance былтыр қанша табыстылық көрсетті? 

— 2023 жылдың қорытындысы бойынша, Halyk Finance жеке басқарушы компаниялар (ЖБК) арасында үздік нәтиже көрсетті: +17,20%. Сонымен қатар, 2023 жылғы ЖБК және Ұлттық банкке берілген зейнетақы активтерінің табыстылығы туралы ақпаратты ұсынамыз. 


— Халық зейнетақы қаражатын жеке басқарушыларға беруі өте баяу, 1%-ға да жетпейді. Оның себебі неде, сенімсіздік пе, ақпараттың аздығы ма, әлде басқа факторлар бар ма?

— Жеке басқарушы компанияларға берілген актвитердің аздығының (01.06.2024 жылғы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі құнының 0,25%-дан сәл астамы ғана) негізгі себебі – салымшылардың бұл туралы хабардар еместігі. Ал халықтың хабардар болмауының себебі – азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін ЖБК-ге сенімгерлік басқаруға беруге рұқсат ететін заң салыстырмалы түрде таяуда – 2021 жылдың қаңтарында ғана күшіне енді.

ЖБК үлесін арттыру шаралары аясында 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік кодекске міндетті зейнетақы жарнасы мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасынан жинақталған зейнетақы жинағының 50%-на дейінгі соманы ЖБК-ге аударуға мүмкіндік беретін өзгеріс енді.

Екінші жағынан, әлі де салымшылардың барлығы зейнетақы жинақтарын ұзақмерзімді жинақ ретінде қарастырмайды. Мұны БЖЗҚ-дан артық қаражатты шешіп алу статистикасы да дәлелдейді – 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дан шешіп алынған жалпы қаражаттың (3 988,7 млрд теңге) тек 1,3%-ы ғана (51,3 млрд теңге) ЖБК-ге аударылған. 

ЖБК негізгі міндеттерінің бірі – зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу екенін бөлек атап өткіміз келеді. Осыған байланысты Halyk Finance барлық БЖЗҚ салымшыларын 2024 жылғы 26 шілдеде сағат 11:00-ге жоспарланған вебинарға қатысуға шақырады. Halyk Finance сайтынан жаңалықтарды бақылап отырыңыз.

— Жеке басқарушы компанияны таңдағанда неге қарау керек? Салымшыларға қандай кеңес берер едіңіз?

— ЖБК таңдаған кезде инвесторлар ең алдымен БЖЗҚ сайтындағы ақпаратты – табыстылық нәтижелерін (track record), басқарудағы активтердің көлемін, комиссиялық сыйлықақыларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның және ЖБК-ның инвестициялық декларацияларын зерделеуі керек. Онда активтерді инвестициялық стратегиялары, мақсатты құрылымдар портфельдерін және активтерді инвестициялауға белгіленген шектеулер сипатталады. Сондай-ақ БЖЗҚ сайтында инвестордың активтер санаты және валюталық бөлу бойынша инвестициялық портфельдердің құрылымы туралы ақпаратты көрсететін ай сайынғы егжей-тегжейлі ЖБК есептерімен танысуға мүмкіндік бар; қаржы құралдарын сатып алу, сату, өтеу және басқа деректер туралы ақпарат бар. Одан бөлек ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету үшін ЖБК сайттарында өздерінің портфолио есептерін жариялайды.

Зейнетақы активтерін басқару бойынша ЖБК қызметімен қатар инвесторлар басқарудағы активтердің жалпы көлеміне, клиент активтерін басқаруда жинақталған тәжірибеге, басқару құрамына, акционерлер құрылымына, несие рейтингінің бар-жоғына және басқа да маңызды факторларға мән беруі керек.

— Ұзақмерзімді болашақта мемлекеттік БЖЗҚ мен жеке басқарушылардың қайсысын таңдаған тиімді? Екеуінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктерін атар едіңіз? 

— Ұлттық банк активтерді барынша сақтауды қамтамасыз ету мақсатында оны инвестициялайды, ал мемлекет зейнетақы жинақтарының инфляциядан сақталуына кепілдік береді. Мемлекеттік кепілдік тек Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтеріне ғана қолданылады.

Активтерді ЖБК-ге бергенде салымшылар Ұлттық Банк басқаратын портфельмен салыстырғанда жоғары кіріс алуды күтеді. Бұл ретте мемлекеттік кепілдіктің орнында жинақталған зейнетақы қаражатының табыстылығының ең төменгі деңгейіндегі ЖБК кепілдігі болады. Ең төменгі табыстылық барлық ЖБК-ның орташа өлшенген номиналды табыстылық коэффициентінің 70% деңгейінде белгіленеді.

Ұзақ мерзімді зейнетақы жинақтау жоспарын жасаған кезде салымшы активтерді әртараптандыруға жауапкершілікпен қарауы керек. Жоғарыда айтылғандай, салымшы міндетті жарна түрлері есебінен қалыптасқан жинақтарының 50%-ға дейінгісін, ал ерікті зейнетақы жарналарынан жинақталған қаражаттың 100%-ға дейінгісін жеке басқарушы компанияларға аудара алады.

Салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының 100%-ын БЖЗҚ портфелінде Ұлттық банктің басқаруында қалдырса, онда оның жинақтары консервативті стратегия бойынша инвестицияланады. Егер инвестор өзінің жинақтарының 50%-ға дейінгісін ЖБК-ге аударса, онда оның жинақтары тәуекелді инвестициялық стратегияларға сәйкес инвестицияланады, осы орайда ЖБК активтерді инвестициялық декларацияларда және зейнетақы активтерін басқаруға заңды шектеулерде көрсетілген белгіленген лимиттерге сәйкес инвестициялауы керек. Инвестициялық басқарушы компаниялар басқарудағы активтерді ұлғайту және комиссиялық табысты ұлғайту үшін бір-бірімен және Ұлттық банкпен бәсекелесе отырып, жоғары портфель табыстылығын көрсетуге ынталы екенін түсінуіңіз керек.

Жоғарыда айтылғандарды тексеру үшін БЖЗҚ сайтында зейнетақы активтерін басқарушылардың портфельдерінің құрылымын зерделеу қажет. Мысалы, 2024 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша Ұлттық банк басқаратын БЖЗҚ портфелінде мемлекеттік бағалы қағаздардың (тәуекелділігі төмен инвестициялар) үлесі басқарудағы активтер құнының шамамен 65%-ын құрайды; Бұл ретте үлестік құралдар мен корпоративтік облигациялардың үлесі активтер құнының 15%-дан сәл астамын алады. Керісінше, ЖБК портфельдерінің құрылымында үлестік құралдар мен корпоративтік облигациялардың үлесі басқарудағы активтер құнының 40%-нан сәл астамынан 70%-на дейін ауытқиды, бұл активтер құнының 16%-дан 40%-ға жуық аралығын құрайды. ЖБК өтімді активтер үшін белгілі бір қауіпсіздік маржасына ие, оны теңге және шетелдік құралдар бойынша жоғары (тарихи құндылықтарға қатысты) пайыздық мөлшерлемелер жағдайында орынды пайдалануға болады.

— Жеке басқарушыларда БЖЗҚ-да жоқ қандай қосымша комиссия мен алымдар бар?

ЖБК күнтізбелік жылдың соңында алынған инвестициялық табыс бойынша табыс комиссиясын (success fee) ғана алады. Бұл ЖБК-ны зейнетақы жинақтарын көбейтуге ынталандырады, өйткені инвестициялық табыстың мөлшері компанияның алатын комиссия мөлшерін анықтайды. Жалпы оң инвестициялық табыс тапқан компанияның басқарудағы активінің артатыны белгілі, бұл өз кезегінде ЖБК комиссиясын арттырады. ЖБК комиссиясының максималды мөлшері инвестициялық кірістің 7,5%-нан аспауы керек.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, БЖЗҚ активтер мөлшерінің 0,01%-нан аспайтын тұрақты комиссия (management fee) алады. БЖЗҚ басқарушы компаниялардан бөлек табысқа комиссия алмайды, алайда табыстылық жарнасын Ұлттық банк алады, ол инвестициялық табыстың 2%-нан аспауы керек.


— Сөз соңында Halyk Finance табыстылығы туралы айта кетсеңіз, салымшылар қаншалықты табыс таба алады?

— Halyk Finance зейнетақы активтерін басқару нарығына шыққан бес басқарушы компанияның соңғысы болды. Біздің алдымызда үлкен мақсат тұрды – зейнетақы активтері нарығында табыс пен активтер көлемі бойынша жетекші басқарушы компания болу. Зейнетақы активтерін Halyk Finance-қа бірінші рет беру 2022 жылдың 15 желтоқсанында болды және жыл соңында басқарудағы активтер көлемі 10 млн теңгеден аз болды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің көлемі 10 млрд теңгеден аспады, бұл зейнетақы активтерінің жалпы құнының 0,1%-нан аз болды.

Күнтізбелік жыл өткеннен кейін, 2023 жылдың соңында ЖБК активтерінің көлемі 26 млрд теңгеден асты, оның ішінде Halyk Finance-қа аударылған активтер ЖБК-ке аударылған активтердің жартысынан астамын (13,76 млрд теңге) құрады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, Halyk Finance басқарушы компаниялар арасында, оның ішінде Ұлттық банкпен салыстырғанда +17,20% нәтижемен ең жақсы табыстылық көрсетті. Бұл ретте сол кезеңдегі ресми инфляция 9,8% еді.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ЖБК-ге берілген активтер көлемі 50 млрд теңгеден асты, оның ішінде Halyk Finance үлесі 33 млрд теңгеге жуықтайды. 2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша табыстылық бойынша көшбасшы Сентрас Секьюритис +8,28%; Halyk Finance басқаратын активтердің кірістілігі +6,50% құрады, ал осы кезеңдегі инфляция 4,00% деңгейінде болды.

Біз салымшылардың сенімін ақтауға тырысамыз және болашаққа оптимистік көзқараспен қараймыз, өз алдымызға бұрынғыдай өршіл мақсаттар – зейнетақы активтері нарығындағы табыстылық пен активтер көлемі бойынша жетекші позицияны сақтау. Біздің пайдамызға әсер ететін факторларға жаңа ақша ағыны, сондай-ақ жоғары пайыздық мөлшерлемелер кезінде (тарихи құндылықтарға қатысты) инвестициялайтын өтімді активтердің айтарлықтай үлесі (2024 жылғы 1 шілдедегі активтер құнының 25%) ойнайды. Дегенмен, біздің басты артықшылығымыз – жоғары білікті команда және клиент активтерін басқарудың көп жылдар бойы қалыптасқан инвестициялық принциптері. 

Зейнетақы активтерін басқару туралы толығырақ білгіңіз келсе, 26 шілде күні сағат 11:00-де Zoom желісінде өтетін «Зейнетақы активтері: 2024 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы» атты вебинарға шақырамыз.

Вебинардың спикерлері Halyk Finance өкілдері: Басқарма төрағасы Фархад Охонов, Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Табылдиев, Активтерді басқару департаментінің директоры Нұрлан Мұстафин.

Тікелей эфирде сарапшылар 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында клиенттердің зейнетақы активтерін басқару бойынша жұмыс нәтижелері, компания қайда инвестициялайды және алдымызға қандай табыстылық мақсаттарын қойғанымыз туралы айтады. Сұрақтарыңызды тікелей спикерлерге қоюға мүмкіндігіңіз болады.

Айта кетейік, Halyk Finance зейнетақы активтерін басқару нарығына 2022 жылдың желтоқсан айында шықты және бір жыл ішінде зейнетақы активтері бойынша барлық төрт бәсекелесті басып озып, 2023 жылы барлық зейнетақы активтерін басқарушылар арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, бір жылдың ішінде көшбасшы болды. 

2023 жылғы табыстылық: жылдық 17,2%;

Басқару басынан бергі табыстылық: жылдық 16,2%;

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша активтер көлемі: 32,9 млрд теңге.

Сізді вебинарда күтеміз!