Алынған бағалаудың нәтижесі бойынша іскерлік белсенділік индексі қарашада 49,9 дейін аздап төмендеп (қазанда – 50,1), теріс аймаққа өтті.
Индекске қызмет көрсету секторында жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне және жеткізілім мерзімдерінің созылуына байланысты көрсеткіштің 49,3-ке дейін төмендеуі (қазанда – 49,7) әсер етті.
Өнеркәсіпте жаңа тапсырыстар көлемінің өсуіне және жеткізілім мерзімдерінің қысқаруына байланысты көрсеткіш 50,8-ге дейін аздап көтерілді (қазанда – 50,6).
Құрылыс секторында көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 49,9 деңгейінде қалып, өзгерген жоқ.
Өңірлер бойынша қарашада 6 өңірде іскерлік белсенділіктің жақсарғаны, 11 өңірде нашарлағаны байқалды. Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан (53,7) және Маңғыстау (52,9) облыстарында, неғұрлым төмен деңгейі Алматы облысында (44,2) байқалды.
2021 жылғы қарашада респонденттер елде бизнес жүргізу жағдайларының жақсарғанын атап өтті. Ағымдағы бизнес-жағдайларын бағалау жөніндегі жауаптар теңгерімі 2,4 құрап (қазанда (-)1,4), оң мәнге ие болды. Барлық секторлардағы кәсіпорындар қаржыға/кредиттерге қолжетімділікті оң бағалады. Өнімге/қызметке сұраныс және коммуникацияларға қолжетімділік факторларын тиісінше өнеркәсіп пен құрылыс секторындағы кәсіпорындар оң бағалады. Бұл ретте, бизнесті қорғау мен салық жүктемесі мәселелері (құрылыс секторынан басқа) теріс баға алды.
Кәсіпорындардың келесі 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайға қатысты оптимизмі төмендеді: болашақ жағдайларды бағалау 13,0 болды (қазанда – 14,9). Ағымдағы бизнес жағдайдың жақсаруы нәтижесінде экономика бойынша бизнес ахуал индексі 7,6-ға дейін көтерілді (қазанда – 6,6).
2021 жылғы қарашада пікіртерімге 461: құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 175, қызмет көрсетуде – 219 кәсіпорын қатысты.