2026 жылдың бірінші тоқсанында теңге бағамы долларға қатысты 5,5% нығайды: желтоқсан соңындағы 1 доллар 505,73 теңгеден наурыз соңында 478,15 теңгеге дейін түсті. 2026 жылдың І тоқсанындағы орташа айлық бағам 497,73 теңгені құрады, ал 2025 жылдың IV тоқсанында бұл көрсеткіш 524,76 болған, деп жазады Halyk Finace сарапшылары.
Теңгенің нығаюы доллар индексінің өсуі аясында орын алды, әдетте бұл теңгенің әлсіреуіне әсер етуі тиіс еді. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкі мен мемлекеттік бағалы қағаздарға (МБҚ) инвестиция салатын шетелдік портфельдік инвесторлар тарапынан валюта ағынының азайғаны байқалды. Демек, теңгені қолдап тұрған бізге белгісіз қосымша валюта ұсынысы бар.
2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында биржадағы орташа айлық сауда көлемі 6,4 млрд доллар болды, ал 2025 жылдың осы кезеңінде 4,4 млрд доллар болған.
Жалпы, теңгенің нығаюына мына факторлар әсер етті:
- жоғары базалық мөлшерлеме
- Қазақстан Ұлттық банкі тарапынан БЖЗҚ үшін валюта сатып алудың тоқтатылуы
- квазимемлекеттік компаниялардың валюталық түсімін міндетті түрде сату
- айналау операциясы
- шетелдік инвесторлардың МБҚ-ға инвестициясы
Сонымен бірге, І тоқсанда шетелдік инвесторлардың МБҚ портфелінің өсімі баяулағаны байқалды.
Halyk Finance бағалауынша, теңгенің нығаюы уақытша сипатта. USD/KZT бағамы мұнай мен метал бағасына, геосаяси қатерлерге және негізгі серіктес елдердің валюта саясатына қатты тәуелді.
Halyk Finance болжамынша, мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 85 доллар деңгейінде болған жағдайда, 2026 жылдың соңына қарай USD/KZT бағамы шамамен 540 теңге болады. Тиісінше мынандау қауіп бар:
- жоғары инфляция
- экспорттың жеткіліксіз өсуіне байланысты сауда балансы профицитінің қысқаруы
- шетелдік инвесторлардың МБҚ нарығындағы белсенділігінің төмендеуі
- доллар индексінің күшеюі
- өткен жылмен салыстырғанда Ұлттық қордан валюта сатудың қысқаруы