2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде адам саудасына қатысты 81 құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 37,2% аз, деп хабарлайды ranking.kz.
Қылмыстың басым бөлігі жезөкшелік айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлыққа қатысты: 44 іс, бір жыл бұрын 75 іс болған (минус 41,3%).
Тағы 11 іс адам саудасына, 9 іс кәмелетке толмағандарды сатуға, 8 іс кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 6 іс жезөкшелікпен айналысуға, 3 іс қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты.
Өңірлер бойынша адам саудасына қатысты құқық бұзушылықтар көбіне Шымкент қаласында тіркелді: 17 құқық бұзушылық – бір жыл бұрынғыдан 2,1 есе көп.
Одан кейін Астана (13 құқық бұзушылық, 18,2% көбейген) және Алматы (12 құқық бұзушылық, 40% азайған). Артынша Қостанай (7 құқық бұзушылық, 40% көбейген) және Қарағанды (5 құқық бұзушылық, 28,6% азайған) облыстары.
Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бірде-бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ.
Нақты жеке тұлғалар зардап шеккен құқық бұзушылықтарға келсек, ҚР-да адам саудасынның 9, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартудың 8, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстаудың 6, кәмелетке толмағандарды сатудың 5, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 4 жағдайы тіркелген.
Көбіне зардап шеккендер әйелдер (26 адам). Кәмелетке толмағандардың арасында 11 жасқа дейінгі 1 бала, 14-15 жас аралығындағы 3 бала және 16-17 жас аралығындағы 8 бала бар.