Банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 43,4 трлн теңгеге дейін 0,9% өсуі есебінен биыл наурызда 0,7% ұлғайып (2026 жылдың басынан бері 0,3% азайған), 70,5 трлн теңге болды.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,7 трлн теңгені немесе активтердің 27,9%-ы болды.

Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы наурызда заңды тұлғалардың салымдарының 2,9% және РЕПО операциялары көлемінің 7,8% өсуі есебінен 0,5%, 59,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 1,4% төмендеген). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізгі үлесті – 80,4% немесе 47,7 трлн теңгені клиенттердің салымдары алады.

2026 жылғы наурызда банктердің меншікті капиталы 1,8%, 11,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 5,8% өскен).

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,8%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,5%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

2026 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 592 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы наурызға қарағанда 10,8% аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 сәуірге 3,9% (2026 жылғы 1 наурызда – 4,0%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 26,4% (2026 жылғы 1 наурызда – 26,9%) болды.