Жыл басынан бергі тоғыз айдың ішінде Қазақстан қор биржасының валюта нарығында RUB/KZT жұбы бойынша сауда көлемі 200 655,31 миллион рубльді құрады. Көрсеткіш 7,3 есеге өсті.
Жалпы, тоғыз айда валюта нарығындағы сауда көлемі 13,9 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,0%-ға немесе 3,2 трлн теңгеге жоғары.
Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 76,6 млрд теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 333, бір мәміленің орташа көлемі – 229,8 млн теңгені құрады.
2022 жылдың үшінші тоқсанында сауда көлемі 5,7 трлн теңгені құрап, екінші тоқсанмен салыстырғанда 48,6%-ға өсті.
Тоғыз ай ішінде валюта нарығына KASE 32 мүшесі қатысты.