Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы "KASE Global" секторындағы акциялармен сауда- саттық нәтижелерін ұсынады.

Аталған кезеңде "KASE Global" секторында жалпы сомасы 18 112,3 млн теңгеге шетелдік компаниялардың 446 235 акциясымен 13 448 мәміле жасалды.

Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:

-NL0000235190 (AIR_KZ) Airbus – жалпы сомасы 9 921,8 млн теңгеге 65 мәміле;

- US4581401001 (INTC_KZ) Intel Corporation – жалпы сомасы 1 249,3 млн теңгеге 862 мәміле;

- US0079031078 (AMD_KZ) Advanced Micro Devices, Inc. – жалпы сомасы 704,3 млн теңгеге 756 мәміле.

Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде ең көп үлес брокерлік-дилерлік ұйымдарға тиесілі – 44,9 %, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 34,1 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 14,7 %, сақтандыру ұйымдарының үлесіне – 6,3 % келді.

Қазіргі уақытта "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 45 бағалы қағаздарымен сауда-саттық ашылған.