Қазақстанда тұрғын үй бағасы тұрақталды – жаңа құрылыстардың ай сайынғы өсімі небәрі 0,3%-ды құрады, ал қайталама нарықта төмендеу (-0,2%) байқалды.
Бір жыл ішінде баға жаңа үйлерде 2,7%(шаршы метріне 490,3 мың теңгеге дейін), қайталама нарықта 4,9% (510,6 мың) өсті.
Жалға берілетін тұрғын үй бір айда 1,4%, бір жылда 4,2%-өсіп, шаршы метрі 4,4 мың теңгеге жетті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.