2024 жылғы қаңтар-мамырда саудадағы нақты көлем индексі былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,1% құрады.
Саладағы жалпы көлемнің елеулі үлесі көтерме саудаға тиесілі, оның үлес салмағы – 68,6%, бөлшек сауданікі – 31%.
2024 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 6 838,1 млрд теңгені құрап, 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 5,2% жоғары болды. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 5 246,6 млрд теңгені құрады былтырғы алғашқы бес аймен салыстырғанда 7,5% жоғары.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 29,6%, қалған 70,4% – азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі.
Сауда көлемінің ең жоғары өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, атап айтқанда телекоммуникация жабдықтары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобильдерге арналған тетіктер, жейлер мен құрал-саймандар, тоқыма бұйымдары, жиһаз, мотор отыны, косметика тауарлары және жеке гигиена құралдары, фармацевтика тауарлары, киімді іске асыратын кәсіпорындарда байқалды.
2024 жылғы 1 маусымға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 582,1 млрд теңгені, сауда күндерінде 73 күнді құрады.
2024 жылғы қаңтар-мамырдағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,7%), Астана қалаларына (12,4%), Қарағанды (7,6%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына келеді.
Көтерме сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-мамырда 1 5102,8 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне 102,2% құрады. Көтерме тауар айналымының құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым (79,3%).
2024 жылғы 1 маусымға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі көтерме саудада 2 036,4 млрд теңгені, сауда күндерінде 41 күнді құрады.
Республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ 2024 жылғы қаңтар-мамырда Алматы қаласына (38,6%), Атырау облысына (16,1%), Астана қаласына (15,4%) және Қарағанды облысына (6,2%) тиесілі болды.