Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-сәуірде $39,7 млрд құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40,8% жоғары ($28,2 млрд).
2022 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстаннан экспорт 59,8% өсіп, $26,5 млрд құрады.
Ал импорт 13,7% өсіп, $13,2 млрд құрады.
Бұл ретте Қазақстанның өңделген тауарлар бойынша тауар айналымы $19,4 млрд құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ($16,2 млрд) 19,8% жоғары.
Жылдың алғашқы 4 айында Қазақстан 160 елмен сауда жасады.
Өңделген тауарлар экспортының географиясы-103 мемлекет.