Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда авиабензинді қосқанда 3,7 млн тоннадан астам бензин өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% артық. Мотор отынының өндірісі жетінші жыл қатарынан өсім көрсетіп отыр, деп хабарлайды energyprom.kz.
ҚР-ның мұнай өңдеу зауыттары биыл қаңтар-тамыз айларында бензинге деген сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 100%-ға дерлік көрсеткішке қарағанда биыл 98,7% қамтамасыз етті. Тиісті кезеңде өнім көлемі 5,7%, 3,3 млн тоннаға дейін өсті, ал импорт бірден 44,7 есе, бірақ бар болғаны 43 мың тоннаға дейін ғана өсті.
Мотор отынының экспорты, керісінше, 2022 жылғы қаңтар-тамызда 24 мың тоннаны құрап, 4,2 есе қысқарды. Ал ішкі сауда көлемі 8,4% өсіп, 3,3 млн тоннаны құрады.
Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша, бензин бір айда 0,3%а қымбаттады. Бұған дейін қаңтар-маусым айларында бензин ай сайын 0,1%-0,2% арзандап отырды, шілдеде баға бұрынғы деңгейде қалды, ал тамызда 0,1% өсті. Нәтижесінде биылғы жылдың басынан бері бензин 0,4% арзандады.
Салыстыру үшін: өткен жылдың қыркүйек айында бензин 2020 жылдың желтоқсанына қарай бірден 14,7% қымбаттады.
Жылдық бағаның өсуі, яғни 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда бағаның өсуі 4%-ды құрады. ҚР өңірлерінің ішінде бір жылда бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан (5,5%), Павлодар (5,1%) және Батыс Қазақстан (4,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (4,8%-ға) байқалды.
Бағаның ең аз өсуі Ақмола (бір жылда 2,2%) және Маңғыстау (2,6%) облыстарында тіркелді.
АИ-92 маркалы бензин жыл басынан бері 0,7% арзандаса, 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 3,5% қымбаттады.
АИ-95/96 маркалы бензин жыл басынан бері 1,4%, бір жылда 6,9% қымбаттады.
АИ-98 маркалы бензин жыл басынан бері 0,3%, бір жылда 6% қымбаттады.
2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің орташа бөлшек сауда бағасы 179 теңгені құрады. АИ-95/96 маркалы бензиннің литрі 211 теңге, АИ-98 232 теңге болды.
Қазақстан қалаларының ішінде ең қымбат АИ-92 маркалы бензин Петропавлда (литріне 184 теңге), Астанада (литріне 182 теңге), Жезқазғанда (литріне 182 теңге) және Қостанайда (литріне 182 теңге) сатылды. Ең қымбат АИ-95/96 бензині Қостанай (литріне 222 теңге), Петропавл (литріне 217 теңге) және Алматы (литріне 215 теңге) қалаларында сатылды. АИ-98 маркалы бензин Павлодар (литріне 242 теңге), Қостанай (литріне 238 теңге) және Алматы (литріне 235 теңге) қалаларында ең қымбат болды.