2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,4 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасып, 2021 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда өсім 616 млрд теңгені (немесе 4,8%) құрады, деп хабарлайды БЖЗҚ.
Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 13 трлн теңге (жыл басынан бергі өсім 2,2%, бір жылдағы өсім 4,4%) болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 шілдесінен бері
19% көбейіп, 394,3 млрд теңгеге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 2,7 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте ЕЗЖ бойынша көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48% артып, ең маңызды өсімді көрсетті.
Жинақтар ең алдымен зейнетақы жарналары есебінен ұлғайды. 2022 жылдың алты айында салымшылардың шоттарына шамамен 811,3 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95 % астамын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – жыл басынан бері 772,5 млрд теңге. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайтын азаматтардың жеке зейнетақы шоттарына МКЗЖ бойынша 37,5 млрд теңге түссе, ЕЗЖ бойынша 1,3 млрд теңге аударылды.
Биыл мамыр айында инвестициялық кіріс төмендегеннен кейін табыстылық көрсеткіштері қайтадан көбейіп, уақытша шығындардың орнын жапты. Нәтижесінде салымшылардың таза инвестициялық кірістері 338 млрд теңгеден асып түсті.
2022 жылдың 1 шілдесіне қарай БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны жарналардың барлық түрлері бойынша 11,9 млн бірлікке (өсім 2,7%) жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 879 857 бірлік. Одан әрі МКЗЖ-нан қалыптасқан шоттар бір жылда 9% ұлғайып, 573 754 бірлік болса, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны 6 еседей көбейіп, 303 592 бірлікке жетті. Айта кетерлік жәйт, ЕЗЖ бойынша елеулі өсім Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) БЖЗҚ-ға салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін кепілдік берілген өтемі талап етілмеген қаражаттың аударылғандығымен байланысты. Бұл ретте ЕЗЖ түскен қаражат инвестициялана басталып, оған инвестициялық кіріс есептелінеді.
Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 984,2 млрд теңге төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 849,4 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 57,3 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 34 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 25,6 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 13,8 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 2,8 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 1,2 млрд теңге.
Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 794 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды