2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру 2022 жылғы шілдеде 3,0%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге (жыл басынан бері 15,7%-ға төмендеу) айтарлықтай қалпына келуді көрсете отырып, 37,2 трлн теңгені құрады.
Үш ай бойы төмендеуден кейін акциялар нарығын капиталдандыру индекстік компаниялардың акциялары бағасының ұлғаюы есебінен 4,4%-ға немесе 0,9 трлн теңгеге 21,8 трлн теңгеге дейін өскенін көрсетті. Қалпына келтірудің басталуына қарамастан, 2022 жылдың басынан бері акциялар нарығын капиталдандыру геосаяси жағдайдың нашарлауы аясында акциялар бағасының төмендеуі нәтижесінде 24,2%-ға немесе 7 трлн теңгеге төмендеді.
Акция бағасының өсуі нәтижесінде 2022 жылғы шілдеде KASE индексі 2953,54 тармаққа дейін 10,4%-ға ұлғайды. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда тізімдерінде 103 эмитенттің 118 акциясы болды, олардың 46 шығарылымы KASE Global секторында айналымға жіберілді.
Ағымдағы жылдың шілде айында акциялармен сауда-саттық көлемі маусым айымен салыстырғанда 20,1%-ға немесе акциялармен мәмілелер санының 12,6%-ға қысқаруына байланысты 1,8 млрд теңгеге төмендеп, 7 млрд теңгені құрады.