2021 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда мал ұрлығының 1,9 мың дерегі тіркелді. Көрсеткіш былтырғыдан 17,4% аз.
Өңірлер бойынша ең көп қылмыс Алматы облысында (415 дерек, былтырғыдан 13,2% аз), одан кейін Түркістан облысы (220 дерек, былтырғыдан 3,9% аз) және Шығыс Қазақстан облысы (201 дерек, былтырғыдан 13,7% аз).
Ең аз ұрлық Нұр-Сұлтан қаласында, мал ұрлығының 2 дерегі тіркелген.
Барымташылар жалпы құны 435,9 млн теңгенің малын ұрлаған. Соның ішінде 428,8 млн теңгенің малы жеке азаматтарға тиесілі болса, қалған 7,2 млн теңге заңды тұлғалардікі.
Жыл басынан бері "Мал ұрлығы" бойынша жеке тұлғаларға қатысты 1,7 мың қылмыс жасалса, заңды тұлғаларға қарсы 25 қылмыс жасалған. Жалпы, 1,8 мың адамның малы ұрғанған. Соның ішінде 382 әйелдің, 147 зейнеткердің, 4 ТМД азаматының малы ұрланды.
Нәтижесінде мал ұрлығы бойынша 779 адам ұсталды. Көрсеткіш былтырғыдан 10,2% көп. Қылмыскерлердің 82,9%-ы жұмыссыздар.
Одан бөлек қылмыскерлердің арасында 54 адамның тұрақты жұмысы бар, 14 -і студент немесе оқушы, 7 жеке кәсіпкер, 2 мемлекеттік қызметкер бар.
"Мал ұрлығы" қылмысы бойынша ең ауыр жаза мүліктерін тәркілеумен 12 жыл бас бостандығынан айыру қаралған.