2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру 2022 жылғы шілдеде 3,0%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге (жыл басынан бері 15,7%-ға төмендеу) айтарлықтай қалпына келуді көрсете отырып, 37,2 трлн теңгені құрады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялау нарығында 44, оның ішінде 22 аралық, 21 жабық және 1 ашық инвестициялық пай қоры жұмыс істеді.

Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер ағымдағы жылдың шілде айында 4,8 млрд теңгеге немесе негізінен бағалы қағаздардың валюталық портфелін оң қайта бағалау есебінен 1%-ға ұлғайып, 2022 жылғы 1 тамызда 481,7 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 439,7 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 91,3%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады, оның 97,8%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.